2019 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда 2019 жылғы ұлттық бірыңғай (бұдан әрі - ҰБТ) тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құрамда 2019 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің бірыңғай талаптарын сақтау және жоғары оқу орындарына түсушілердің даулы мәселелерін шешу жөніндегі республикалық апелляциялық комиссия (бұдан әрі - РАК) құрамы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2019 жылғы ҰБТ өткізу үшін апелляциялық комиссия төрағаларының тізімі бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 2019 жылғы ҰБТ өткізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өкілдері жіберілсін. 3. ҰБТ-ны өткізу үшін Министрлік өкілдері, апелляциялық комиссияларының төрағалары: 1) ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізуге, сондай-ақ апелляциялық комиссия жұмысының объективтілігін сақтауға басшылықты және бақылауды жүзеге асырсын; 2) ҰБТ-ны өткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етсін; 3) 2019 жылғы 20 қаңтарға дейін ҰБТ-ны өткізу қорытындылары туралы есепті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - ҰТО) тапсырсын. 4. Мемлекеттік комиссиялардың төрағалары: 1) ҰБТ-ны өткізу жұмыстарын ұйымдастырсын; 2) медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырсын; 3) ҰБТ нәтижелерінің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұялы байланыс сигналын тұншықтырғыш құралдардың, металл іздегіштердің қолданылуын ұйымдастырсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|