2025 жылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2025 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес; 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2025 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес; 3) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2025 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін. 2. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 471 қаулысына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|