«Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулығында: 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «33. Бір жасыл отты қайталағыш бағдаршам осы Нұсқаулыққа 33-қосымшаға сәйкес шығу немесе маршруттық бағдаршамның ашық екендігін көрсетеді. Жанбайтын қайталағыш бағдаршамдардың сигнальдық мәні болмайды. Станцияда тоқтайтын жолаушылар пойыздары қайталағыш бағдаршамда жасыл от жанып тұрған кезде ғана қозғалысқа түседі. Егер қайталағыш (немесе шығу) бағдаршамның ақаулығынан жасыл отты жағу мүмкін болмаса, онда пойыздың жүріп өту тәртібі «Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 болып тіркелген) белгіленеді.»; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «44. Пойыздар қозғалысы үшін аралықтағы барлық кедергі пойыз күтіліп отыр ма, әлде жоқ па, оған байланыссыз тоқтату сигналдарымен қоршалуы тиіс. Пойыздардың тоқтауын талап ететін аралықтағы жұмыс жүргізу орындары кедергі тәрізді қоршалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|