|
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 400 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері/лизинг компанияларының қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды. 2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау: 1) кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/микроқаржы ұйымдары/лизинг компаниялары берген кредиттері/микрокредиттері/ қаржылық лизинг шарттары; 2) кәсіпкерлердің «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кредиттері бойынша жүзеге асырылады. 3. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) айналым қаражатын толықтыру - кәсіпкер кредитінің кәсіпкердің мәлімделген қызметімен байланысты әрі салықтық міндеттемелерді, зейнетақылық және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуге арналмаған нысаналы мақсаты; 2) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекетті іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы; 3) арнайы қаржы компаниясы - «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін құрылатын, оның пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|