Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Текелі қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 11-59 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Текелі қалалық мәслихатының «Текелі қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-59 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 192118 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1)кірістер 6 552 363 мың теңге: салықтық түсімдер 1 018 049 мың теңге; салықтық емес түсімдер 15 253 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 25 400 мың теңге; трансферттер түсімі 5 493 661 мың теңге; 2)шығындар 6 635 150 мың теңге; 3)таза бюджеттік кредиттеу 1 168 648 мың теңге: бюджеттік кредиттер 1 170 204 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 1 556 мың теңге; 4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге: қаржы активтерін сатып алу 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге; 5)бюджет тапшылығы (профицитi) (-) 1 251 435 мың теңге; 6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 1 251 435 мың теңге: қарыздар түсімі 1 170 204 мың теңге; қарыздарды өтеу 30 124 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 111 355 мың теңге.». 2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 28 мамырдағы № 18-89 шешіміне қосымша
Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11-59 шешіміне 1-қосымша
2024 жылға арналған қала бюджеті
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|