Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті жөніндегі Ережені бекіту туралы
ҚР Бас Прокурорының 2019 жылғы 15 тамыздағы № 94 бұйрығымен күші жойылды
Қылмыстық және қылмыстық істі жүргізу заңнамаларының өзгеруіне байланысты, ҚІЖК-нің 193 бабының екінші бөлімін және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11 бабының 4) тармағын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті жөніндегі Ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 10 қаңтар 2013 жылғы № 3 (Бас Прокурордың 2013 жылғы 18 шілдесіндегі № 72 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және қосымшалармен) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті жөніндегі Ережесін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылған деп танылсын. 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енсін.
Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 47 бұйрығымен бекітілген
1. Арнайы прокурорлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі - Бас прокуратура) дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) бұйрықтарын, нұсқаулықтарын, нұсқауларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|