Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Энергетика министрінің 2021.31.08. № 281 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (2024.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. ҚР Энергетика министрінің м.а. 2024.29.03. № 133 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|