«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14623 болып тіркелді) № 629 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджеттік мониторинг жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта: 3-тарау 3-1-параграфпен толықтырылсын: «3-1 параграф. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттер, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемінің орындалуын талдау. 47-1. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттер, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемінің орындалуын талдауды тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік есептілік және ақпарат негізінде жүзеге асырады. 47-2. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қалыптастырады және тиісті әкімшіге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына: жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті: есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 18 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 14-1-қосымшасына сәйкес ұсынады. 47-3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қалыптастырады және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарлама әкімшісіне: жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|