Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Ұсынылып отырған Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 31 мамырдағы № 49 шешіміне қосымша
Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тарихи, табиғи-ландшафттық, функционалдық, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын бақылау тәртібін (бұдан әрі - Қағида) айқындайды. 2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) жеке тұрғын үй құрылысы - белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер учаскесінде азаматтардың өз күшімен, мердігерлік немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдіспен жеке тұрғын үйлер салуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|