Осы редакция 2016 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген), «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және байланыс комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы; 2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: ХҚКО - «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру; порталда - өтініштің қабылданғаны туралы құжаттың апостильдену күні және уақыты көрсетілген хабарлама алу. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|