Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы (2016.28.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 81 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаменті Стратегиялық жоспарлау департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күні ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Жауапты хатшысы Ж.М. Қожахметовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|