«Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 203 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17460 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру қағидалары мен ерекшеліктерінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру қағидалары мен ерекшеліктері (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды.»; мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: «12-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы жай серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында сақтандыру қызметін жеке сынып, сақтандыру түрі немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелі бойынша бірлесіп жүзеге асыратын қатысушылардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлескен қызметі туралы шарттың (бұдан әрі - бірлескен қызмет туралы шарт) негізінде құрылады.»; 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|