|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ
(Алтыншы сайланымның төртінші сессиясы)
Стенограмма
2019 жылғы 6 наурыз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ Астана-2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ
2019 жылғы 6 наурыз
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Құрметті депутаттар, баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Тіркеу режимі қосылсын. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Құрметті депутаттар, енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы депутат Ерман Мұхтар Тілдәбекұлына беріледі.
ЕРМАН М.Т. Рақмет. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер! Бұл келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасына әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету болып табылады. Осы келісім шеңберінде әскери мүліктің тізімі (оқ-дәрілер, қажетті құралдар, инженерлік және медициналық жабдықтар), мүліктің жеткізілу тәртібі, сондай-ақ тараптардың мүлікті беруімен байланысты міндеттемелері мен шығыстары анықталады. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2019 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын.
ТӨРАҒА. Рақмет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|