Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 28 қарашадағы № 01-7.9 кеңесінде берілген ведомстволық есептілікті оңтайландыру жөніндегі хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған мынадай нысандар бекітілсін: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жекелеген инфекциялық және паразиттік аурулар туралы есеп (1-нысан); осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ инфекциясын) иммундық-ферменттік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп (4-нысан); осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдар бойынша вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп (5-нысан); осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп (6-нысан); осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өткізілген телемедициналық консультациялар мен бейне- конференцбайланыс сеанстарының саны туралы есеп (16-нысан); осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп (21-нысан); осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы есеп (3-нысан); осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес анықталған диагнозбен өмірінде алғаш рет тіркелген аурулардың саны туралы есеп (56-нысан); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|