Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы (2024.17.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024.03.12. № 102 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысының 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже бекітілсін. 2. «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес медициналық ұйымдарда дәрігерлік-консультациялық комиссиялар құруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|