|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабының 1-бөлігі 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:». көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында: 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «35. Тексеру плацта жасақтар бойынша сапқа тұрғызу арқылы жүргізіледі. Сотталғандарды карточкалары бойынша салыстырып тексеру, содан кейін сотталғандардың жалпы санын есептеу жүргізіледі. Сотталғанның тегі оқылған кезде, ол «Мен» немесе «Я» деген сөздермен дыбыс береді, екі метрден аспайтын қашықтықта қызметкердің алдына келіп, жеке басын карточкадағы фотосуретпен салыстыру үшін бас киімін шешеді, (қысқы кезеңнен басқа) және атын және әкесінің атын (болған кезде) анық және түсінікті түрде атайды. Содан кейін саптың қарама-қарсы жағындағы өз орнына өтеді. Сапқа тұрғызудан түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар, төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылған сотталғандар, сондай-ақ тастап кетуі мүмкін емес жұмыстардағы сотталғандар босатылады. Мұндай адамдардың бар-жоғын тексеру олар орналасқан орындарда жүргiзiледі. Өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және арнаулы жүрiп-тұру құралдарынсыз (кресло-арбалар) жүріп-тұра алмайтын бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың бар-жоғын тексеру, медициналық қорытынды болған кезде оқшауланған учаскеде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|