Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 29-133 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары бекiтiлсiн. 2. «Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 43-249 (Нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3154 тіркелген, 2015 жылдың 10 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін (келісім бойынша). 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 51-257 шешіміне қосымша
Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|