Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының әлеуметтік сала көрсеткіштерін болжау әдістемесін бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Ә.А. Ахметовтің төрағалығыменен өткен 2021 жылғы 26 сәуірдегі №21-64-18.3 Бюджет процесінің реинжинирингіне қатысты хаттаманың 7-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының әлеуметтік сала көрсеткіштерін болжау әдістемесі бекітілсін. 2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілді
Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының әлеуметтік сала көрсеткіштерін болжау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының әлеуметтік сала көрсеткіштерін болжау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бес жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерді қалыптастыру үшін әзірленді және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыру құралы ретінде қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|