Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар қабылдансын. 2. Осы Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 653-VII ПМ қаулысымен қабылданды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар
1) 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес интернет-ресурста» деген сөздер «Мәжілістің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жүз жеті» деген сөздер «тоқсан сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 5-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Мәжілістің жалпы отырыстары сәрсенбі және бейсенбі күндері 13 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейін үзіліспен сағат 10-нан 18-ге дейін өткізіледі.»; алтыншы бөліктегі «Мәжiлiс ғимаратында өткiзiлетiн өзге де республикалық iс-шаралар -» деген сөздер алып тасталсын; 4) 6-3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «электрондық жүйенiң қолданылуын бақылау жөнiндегi уақытша комиссияны» деген сөздер «Электрондық жүйенiң пайдаланылуын бақылау жөнiндегi комиссияны» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 9-тармақта: алтыншы бөліктегі «хатшының» деген сөз «кеңесшінің» деген сөзбен ауыстырылсын; сегізінші бөлік алып тасталсын; 6) 11-тармақтың екінші бөлігіндегі «хатшы» деген сөз «кеңесші» деген сөзбен ауыстырылсын; 7) 12-тармақтағы «автоматтандырылған жүйеде» деген сөздер «Мәжілістің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 17-тармақ алып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|