Қауымдық сервитут белгілеу туралы (2019.12.02. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 69-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қызылорда облысы әкімдігінің 2019.12.02. № 1333 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес экспликация бойынша «АстанаГаз ҚМГ» акционерлік қоғамына «Сары-Арқа» магистральдық газ құбырын орналастыру мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 4 (төрт) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін. Қызылорда облысы әкімдігінің 2019.12.02. № 1333 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. «АстанаГаз ҚМГ» акционерлік қоғамы «Сары-Арқа» магистральдық газ құбырын орналастыру мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын. 3. «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» және «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемелері мен Қызылорда қаласы, Сырдария, Шиелі аудандарының әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2018 жылғы 2 мамырдағы № 1109 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің 2019.12.02. № 1333 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|