|
|
|
Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 4 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 5-тармағына және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығының 12-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, Атырау облысы Білім беру басқармасы, меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан барлық түрдегі білім беру ұйымдары басшылары: 1) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін. 2. Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін. 3. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы «Атырау облысының карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» № 2 қаулысының 4 тармағының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.А. Бекешеваға жүктеймін. 5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |