Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 23 тамыздағы № 4 Нормативтік Қаулысы (2017.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ҚІЖК-нің» деген сөз «ҚПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды, «қысқарту» деген сөз «тоқтату» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Айыпталушылардың істі соттың алқабилердің қатысуымен қарау құқығын және алқабилер қатысатын істер бойынша іс жүргізуді реттейтін заңнама нормаларын дұрыс әрі біркелкі қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2014.24.12. № 4 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 631-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды қоспағанда, оларды жасағаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істер айыпталушыдан істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат түскен жағдайда, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта (бұдан әрі - соттар) қаралады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|