Батыс Қазақстан облысының азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-4 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 40-6-1 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өңірлік комиссиясының шешімімен ұсынылған жолдамамен медициналық көрсеткіштері бойынша жолданған Батыс Қазақстан облысының азаматтарына, сондай-ақ дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі -ДКК) қорытындысы болғанда науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан артық емес) емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын. Науқастың және оны алып жүруші тұлғаның (бір адамнан артық емес) медициналық көмек алуы жағдайында автомобиль, теміржол көлігімен жол жүру құнының төлемі жүргізілсін (екі бағытқа да). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|