Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы» Заңының 39-3 бабының 6 тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қордай аудаңдық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 16 мамырдағы № 24-4 шешімімен бекітілген
Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу
1. Осы Қордай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі (бұдан әрі - Тәртібі) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|