Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында: 23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «23. Оқуға түсетін адам әскери колледждің қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға «Әскери колледжге және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі» деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын ұсынады не «ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш жасайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған әскери колледжге оқуға түсуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжат топтамасын қоса тіркейді.»; бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|