Суармалы жерлердің мониторингі мен мелиоративтік жай-күйіне бағалауды жүргізу барысындағы химиялық реактивтер, зертханалық ыдыс және далалық жабдық тиістілігінің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде химиялық реактивтердің, зертханалық ыдыстар мен далалық жабдықтардың тиістілігінің заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 132-НҚ бұйрығымен бекітілген
Суармалы жерлердің мониторингі мен мелиоративтік жай-күйіне бағалауды жүргізу барысындағы химиялық реактивтер, зертханалық ыдыс және далалық жабдық тиістілігінің заттай нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|