«Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке кабылдау қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «1. Қоса беріліп отырған Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары бекітілсін.»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке кабылдау ережесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «Осы Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес әзірленген және Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдаудың тәртібін айқындайды.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|