«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін әскерге шақыру комиссиясының төрағасына беруді жүзеге асырады. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына бір жұмыс күні ішінде жолдайды. Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыруды келіседі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|