«Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 410 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Iшкi сауда қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы; 2) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы; 3) арзандатылған тауар - кемшілігі болуға не кемшілігін жоюға байланысты төмендетілген бағамен сатылатын тауар; 4) асхана - тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі; 5) аутлет орталық - бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымының азық-түлік емес тауарлар тобын (киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар және басқалар) елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі; 6) әмбебап сауда базары - әртүрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда орындары бар сауда базары; 7) әкімшілік аймақ - әкімшілік үй-жайлар кешені орналаскан аймақтардан турады 8) баға - тауар құнының ақшалай мәні; 9) бар - тұтынушыларға тіске басар, десерттер және кондитерлік бұйымдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|