«Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 358 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 397 қаулысымен бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1.Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген) бекітілген. «Облыс аумағында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада таратылатын шетелдік мерзімдік баспасөз басылымдарды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленді. «Солтүстік Қазақстан облыс аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі мемлекеттік қызмет) жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі (бұдан әрі қызмет көрсетуші). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|