ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН УКРАИНА АРАСЫНДАҒЫ ЭКСТРАДИЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ШАРТ (Астана қ., 2018 жылғы 29 қазанда)
ҚР 2019 жылғы 25 қарашадағы № 271-VІ Заңымен ратификацияланды 2020 жылғы 9 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Украина егемендікті және теңдікті өзара құрметтеу негізінде, қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екі мемлекет арасында тиімді құқықтық ынтымақтастыққа ықпал етуге ниет білдіре отырып, адамдарды ұстап беру мәселелеріндегі бірлескен іс-қимылдарды белгілейтін екіжақты шарт жасасу арқылы осы мақсатқа қол жеткізу мүмкін болатынын назарға ала отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Әрбір Тарап осы Шарттың талаптарына сәйкес ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот үкімін орындау мақсатында Сұрау салушы Тарап іздестіріп жатқан, өзінің аумағындағы адамдарды екінші Тарапқа ұстап беруге міндеттенеді.
2-БАП
1. Осы Шарттың мақсатында екі Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланатын және оларды жасағаны үшін кемінде бір (1) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе одан да қатаң жаза көзделетін әрекеттер ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар деп танылады. 2. Егер ұстап беру туралы сұрау салу ұстап беруге әкеп соғатын қылмыс үшін соттың үкімін орындау үшін іздестіріліп жатқан адамға қатысты болса, ұстап беру адам бас бостандығынан айыруға сотталған және өтелмеген мерзімі кемінде 6 (алты) айды құраған жағдайда ғана мүмкін болады. 3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қылмысты айқындау кезінде Тараптардың заңнамасында осы қылмысты құрайтын іс-әрекеттің осыған ұқсас қылмыстардың санатына жатқызылуы немесе осы қылмыстың бірдей немесе әртүрлі терминологиямен белгіленуі маңызды болмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|