ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
2018 жылғы 12 қыркүйек
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНЩ БАСЫЛЫМЫ Астана 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ
2018 жылғы 12 қыркүйек
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Уважаемые депутаты, прошу всех пройти процедуру регистрации. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Құрметті депутаттар, енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші сұрақ - «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойьшша сөз Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы депутат Әбдіров Нұрлан Мәжитұлына беріледі.
ӘБДІРОВ Н.М. Рақмет. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер! Аталған заң жобасы Парламент Мәжілісіне келіп түсті. Бұл келісім 2017 жылғы 11 желтоқсанда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің отырысында жасалды. Келісім Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібін белгілейді. Бұл келісім құқық иеленушілер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын. Қолдауларыңызды сұраймын.
ТӨРАҒА. Нұрлан Мәжитұлына сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|