«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 270 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін. 2. Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына М.С. Бигелдиевке жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 18 ақпандағы № 84 қаулысымен бекітілді
«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Алматы облысының экономика және бюджеттікмемлекеттік жоспарлау басқармасы» мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Басқарманың ведомстволары жоқ. 3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|