Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Осы редакция 2022 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер 834 137 379 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсiмдер бойынша 126 438 946 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша 3 936 291 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 29 138 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша 703 733 004 мың теңге; 2) шығындар 831 615 395 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу 4 074 266 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер 17 040 260 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу 12 965 994 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде: қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 552 282 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 552 282 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі 16 774 260 мың теңге; қарыздарды өтеу 15 221 978 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге. 2. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Корпоративтік табыс салығы» коды бойынша түсімдер аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша 100% мөлшерінде аудандық және облыстық маңызы бар қалалық бюджетке түсетіні белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|