Қазақстан Республикасының мемлекеттік архив мекемелері орындайтын микрофильмдерді және құжаттардың фотокөшірмелерін дайындауға, құжаттарды реставрациялауға, қатырма қағаз жұмыстарына арналған материалдардың заттай шығыс нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағының 5-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік архив мекемелері орындайтын микрофильмдерді және құжаттардың фотокөшірмелерін дайындауға арналған материалдардың заттай шығыс нормалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік архив мекемелері орындайтын құжаттарды реставрациялауға арналған материалдардың заттай шығыс нормалары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік архив мекемелері орындайтын қатырма қағаз жұмыстарына арналған материалдардың заттай шығыс нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|