Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, Қызығушылықтар бойынша клубтар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бұйрыққа қоса беріліп отырған: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында Қызығушылық бойынша клубтардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 24 бұйрығына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|