Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективтік жоспарларын өзектендірудің кейбір мәселелері туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабы 21), 22) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК алаңында Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективтік жоспарларын өзектендіру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективтік жоспарларының жобалары келіп түскен күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарап, оларға ұсыныстар енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|