Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы (жоғары) соттары төрағаларының кеңесін құру туралы КЕЛІСІМ
ҚР Президентінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 954 Жарлығымен бекітілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер сот жүйелерін тұрақты дамытуға және Тараптардың сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы заңнамасын жетілдіруге үлкен мән бере отырып, сот саласындағы мемлекетаралық құқықтық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Тараптардың сот органдары арасында өзара құқықтық көмек көрсету тетіктерін кеңейтуге ұмтыла отырып, Тараптардың бірінің соттары шешімдерінің екінші Тараптың аумағында орындалуын қамтамасыз етуде күш-жігерді біріктірудің және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде ұлттық заңнаманы және сот ісін жүргізу нормаларын қолдану тәжірибесімен тұрақты алмасудың объективті қажеттілігін негізге ала отырып, заңнама мен оны қолдану жөніндегі сот практикасын үндестіру мәселелерін шешуде келісілген тәсілдерді тұжырымдау мақсатында соттардың бірлескен тұрақты кездесулері мен консультацияларын өткізуге үлкен мән бере отырып, тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықты ұйымдық ресімдеудің маңыздылығын түсіне отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы (жоғары) соттары төрағаларының кеңесін (бұдан әрі - Кеңес) құрады. Кеңес өз қызметін осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы (жоғары) соттары төрағаларының кеңесі туралы ереженің негізінде жүзеге асырады.
Тараптар депозитарийді Тараптардың әрқайсысының осы Келісімді іске асыруға жауапты жоғары сот органдары туралы осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 күн ішінде хабардар етеді.
Тараптардың келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|