Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 370-371 (26214) жарияланған): аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу қағидаларында: 264-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «264. Тозуды біркелкі есептеу әдісін қолдану кезінде негізгі құралдардың амортизациясын есептеу мынадай тәсілдермен: 1) амортизацияның белгіленген нормаларын пайдалана отырып; 2) пайдалы қолданудың белгілі бір мерзімін пайдалана отырып жүргізіледі. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша жылдық тозу нормалары белгiленедi.»; 316-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «316. Биологиялық активтерге мыналар жатады: малдар және өсімдіктер. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда биологиялық активтер, ауыл шаруашылық өнімдерінің және оларды алғаннан (жиналғаннан) кейінгі соңғы қайта өндіру нәтижелері көрсетілген.»; 451-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «451. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда бағалау міндеттемелерінің туындауы бойынша түрлі ахуалдардың үлгілері берілген.»; 498 және 499-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «498. Ақша ағындарын дисконттаудың негізгі формуласы жекелеген төлемнің ағымдық құнын анықтау формуласы болып табылады: PV = FV/(1+i)n, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|