Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 77 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 292 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 77 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3710 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 сәуірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Түркістан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы»; көрсетілген қаулының «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесі» қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|