|
|
|
20.06.2022 Сот және сот қызметкерлерін мереке күніне орай құттықтау!
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Мұқанова Динара
Ата Заңымызда айтылғандай, биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі - елімізде адам құқығы мен бостандығын сақталуын, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі. Сондай кепілдік пен әділеттілік болғанда ғана қоғам дамып, өркендейді. Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Сот жүйесіндегі негізгі қозғаушы күш, басты тұлға судья болып табылады. Осыған байланысты 2022 жылдың 24 маусымдағы «Сот және сот қызметкерлері күні» мерекесіне орай, барлық Сот және сот қызметкерлерін құттықтай отырып, осындай мереке қарсаңында Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Балабеков Абзал Өміртайұлын құттықтаймыз. Бабаларымыздан қалған өте керемет дана сөз бар «Тұлпар ізін тай басар» демекші Балабеков Абзал Өміртайұлы сот жүйесінде бел шешпей 38 жыл еңбек еткен әкесі Балабеков Өміртай Нөгерұлының жолын жалғастырып келеді. Әкенің балаға берген ақылы ол өмірдің құндылығы десе болады, өйткені Өміртай Нөгерұлы өмірден тоқығаны мол, адамгершілік қасиеттері өте жоғары, ақпейілді, қамқор да, әділетті, талапшыл судья болған. Балабеков Өміртай Нөгерұлы судьялық мәртебелі қызметінде күрделі істерді әділ шешіп, сот төрелігін дамытуда көптеген еңбең сіңірді. Ал, Абзал Өміртайұлын айтар болсақ терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілеті арқасында қатардағы заңгерден қалалық, аудандық сот саласының белгілі де беделді судьясы және аудандық сот төрағасы деңгейіне көтерілді. Сот саласында судья және аудандық соттың төрағасы болып жауапты қызметтер атқарып, 22 жылдан бері соттың судьялық құрамында еліміздің сот жүйесінің қалыптасып, нығаюына көп еңбек сіңіріп келеді. Осындай тынымсыз еңбектің жолында көптеген марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ: Аршалы, Бурабай аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен, Ақмола облыстық соты төрағасының алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Судьялар одағының» құрмет грамоталарымен марапатталған және де судьялардың әдеп комиссиясының мүшелігіне қабылданған. Отбасының тірегі үш бала тәрбиелеп отырған асқар тау әке Абзал Өміртайұлын шын көңілімізбен зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, отбасына баянды бақыт тілеп, қоғамымыздың игілігі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз деп шын жүректен тілектестік білдіреміз.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |