Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы (2019.19.06. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № С-6/12 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 тамыздағы № С-40/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4975 тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте «Көкшетау» және «Степной Маяк» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев 2017 жылғы «18» сәуір
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|