Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 617 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 617 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7855 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1) тармақшадағы: кірістер: «68 511 749,2» сандары «65 197 331,7» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде: салықтық түсімдер: «41 312 842,2» сандары «43 101 106,8» сандарымен ауыстырылсын; салықтық емес түсімдер: «224 526» сандары «414 688,5» сандарымен ауыстырылсын; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер: «6 017 500» сандары «724 655,4» сандарымен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы: шығындар: «62 981 484,3» сандары «67 106 078,3» сандарымен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы: бюджет тапшылығы (профицитi): «5 008 254,9» сандары «-2 430 756,6» сандарымен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы: бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану): «- 5 008 254,9» сандары «2 430 756,6» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде: бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары: «820 402,1» сандары «8 259 413,6» сандарымен ауыстырылсын. 2. Көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|