Ақмола облысының аумағында карантиндік режимінің күшін жою және «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №А-5/270 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 2799 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақмола облысы аумағында келесі аудандарында жатаған (қызғылт) укекіремен залалданған алаңдардың көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын: 1) Егіндікөл ауданы, Бауман ауылдық округі, залалданған алаң - 0,05 гектар; 2) Жарқайың ауданы, Жаңадала ауылдық округі, залалданған алаң - 2298 гектар, Костычево ауылдық округі, залалданған алаң - 883 гектар, Бірсуат ауылы, залалданған алаң - 220 гектар, Гастелло ауылы, залалданған алаң - 600 гектар, Пятигорск ауылы, залалданған алаң - 401,8 гектар, Шойынкөл ауылы, залалданған алаң - 100 гектар; 3) Қорғалжын ауданы, Астана-Қаражар автожолы, залалданған алаң - 190 гектар. 2. Ақмола облысы аумағында Жарқайың ауданының Бірсуат ауылында карантиндік арамшөп - далалық арамсояумен залалданған алаңының 5 гектар көлемінде карантиндік режимі алынып тасталсын. 3. «Ақмола облысы аумағында карантиндік режимін енгізе отырып карантинді аймағын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № А-5/270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8493 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 28 мамырдағы № А-5/279 қаулысына Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|