Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидаларын бекіту туралы (2018.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2015 жылғы 14 шілде
Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 632 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|