Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 434 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталады) Тараптар арасындағы инвестициялық ағындардың жедел өсімін мойындай отырып; мұндай инвестицияларды ынталандыру, көтермелеу және қорғау инвесторлардың іскерлік бастамасын ынталандыруға және Тараптардың экономикалық өркендеуін арттыруға ықпал ететінін мойындай отырып; инвестицияларды одан әрі ынталандыруға және Тараптардың арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниет білдіре отырып; және ашық, тұрақты және болжамды инвестициялық орта қалыптастыруға ниет білдіре отырып; төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін: «Орталық» ИДРХО Конвенциясы негізінде құрылған Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталықты («ИДРХО») білдіреді; «кәсіпорын» корпорацияны, трастты, серіктестікті, дара кәсіпорынды, бірлескен кәсіпорынды, қауымдастықты немесе соған ұқсас ұйымды қоса алғанда, Тараптың қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылған немесе ұйымдастырылған, жеке немесе мемлекеттік меншіктегі немесе бақылаудағы кез келген заңды тұлғаны; және кәсіпорынның филиалын білдіреді; «қолданыстағы» осы Келісім күшіне енген күні қолданылатын Келісімді білдіреді; «еркін пайдаланылатын валюта» Халықаралық валюта қоры Келісімінің баптарына сәйкес айқындағандай, «еркін пайдаланылатын валютаны» білдіреді; «ГАТС» ДСҰ Келісіміне 1B қосымшада қамтылған көрсетілетін қызметтер саудасы жөніндегі бас келісімді білдіреді; «ИДРХО қосымша тетігінің қағидалары» Инвестициялық дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталық Хатшылығының талқылауларды әкімшілендірудің қосымша тетігін реттейтін қағидаларды білдіреді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|