«Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы № 653/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы № 653/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35279 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларында: 10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен бекітілген ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету ретінде есептелген ПБӨ сыныбы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13349 болып тіркелген);»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «ПБӨ әзірлеу құнын есептеу 3-қосымшаға сәйкес «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық платформасында платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу құнын есептеу әдістемеге сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастырылған калькулятор арқылы жүзеге асырылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|