«Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 58/01 Қаулысы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 20/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» № 285 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15425 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қоса берілген «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 58/01 қаулысымен бекітілген
«Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата- аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата- аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетудің қызмет берушісі аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары болып табылады (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|