Осы редакция 2019 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 4-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында
1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.17.03. № 206 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы стандарт белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың (бұдан әрі - қызмет алушылар) тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі - уақытша болу ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемін және шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, уақытша болу ұйымдарының қызмет тәртібін, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, көрсетуді тоқтату (тоқтата тұру) шарттарын айқындайды. 3. Уақытша болу ұйымдары қызмет алушылар үшін әлеуметтік бейімдеу орталықтары, түнде болу үйлері түрінде құрылады. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет алушылар үшін құрылымдық бөлімшелер - түнде болу бөлімшесі мен мобильді әлеуметтік патруль қызметі құрылуы мүмкін. 4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер сақтайды. 5. Уақытша болу ұйымдары адам саны жүз мыңнан асатын қалаларда заңнамада белгіленген тәртіппен құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|