Бәйдібек ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Бәйдібек ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021 жылға арналған жоспары бекітілсін. 2. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 23/129 «Бәйдібек ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 4381 тіркелген және 2018 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын. 3. «Бәйдібек аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Бәйдібек аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байдібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 57/342 шешімімен бекітілген
Бәйдібек ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021 жылға арналған жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|